Шымкентте ломбардты тонамақ болған қылмыскер сотталды

0 160

Шымкентте медициналық бетперде киген қылмыскер ломбардқа басып кіріп, ломбард қызметкерін ойыншық мылтықпен қорқытып, 100 мың теңге талап еткен, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

Оған ломбардқа телефонын алу үшін кірген 18 жастағы жігіт кедергі жасаған.

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында айыпталушыға қатысты ҚК-нің 24-бабының 3-бөлігі – 191-бабының 2-бөлігінің 1-тармағымен (зорлық-зомбылық қолданамын деп қорқытып, бөтеннің мүлкін ашық ұрлауға оқталу) қылмыстық іс қаралды.

ҚК-нің 24-бабының 3-бөлігінде, Қылмыс жасауға тура бағытталған. 191-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыс ауырлығы орташа қылмыстарға жатады. Жеңілдететін мән-жайларға кінәсін мойындау, жасаған қылмысына шын жүректен өкіну, жастығы, соттылығының болмауы жатқызылды, жауаптылықты ауырлататын мән-жайлар белгіленбеген. Заңға сәйкес, қылмысқа оқталу үшін жаза ең жоғары мерзімнің ¾ бөлігінен аспауы керек.

Іс бойынша тергеу жеделдетілген тәртіпте жүргізілді, сондықтан ҚК-нің 56-бабының 3-бөлігіне сәйкес жаза ең жоғары мерзімнің ½ бөлігінен аспауы керек.

Осыған байланысты сотталушы 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеуге жатады.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.