«Шымкент — Астана» пойызында сәби дүниеге келді

0 101

№86 «Шымкент – Астана» бағытындағы жолаушылар пойызында сәби дүниеге келді, деп жазады «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі. 

«Жолаушылар тасымалы» АҚ компаниясының хабарлауынша, келіншек жолдасымен бірге жүктіліктің тоғызыншы айында Астанаға жолға шыққан.

21 қазаннан 22-сіне қараған түні жүкті жолаушының толғағы басталған.

«Түнгі 23:30 шамасында келіншектің күйеуі жолсеріктерден көмек сұраған. Пойыз бастығы Гүлшат Қарақұлова мен жолсерік Анара Адамбаева қажет көмекті көрсетіп, жүкті келіншек аман-есен босанған. 23:55-те дені сау қыз дүниеге келген», делінген компания хабарламасында.

Нұсқама бойынша жолсерік жақын маңдағы Сары-Шаған станциясына жедел жәрдем шақыртқан. Пойыз межелі жерге жеткенде жас босанған ана сәбиі, жолдасымен бірге медициналық орталыққа жеткізілген.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ компаниясы пойыз жолсеріктері әдеттен тыс жағдайларда алғашқы медициналық көмек көрсете білу үшін жиі оқу-жаттығудан өтетінін айтты.