Шешуші матчтың тікелей көрсетілімі өтеді

0 12

21 наурыздан 22-не қараған түні сағат 00:35-те футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Грекияға қарсы жасыл алаңға шығады, – деп хабарлайды “Aulieatanews” ақпараттық агенттігі.

Бұл матчтың қорытындысы аса маңызды. Себебі жеңімпаз атанған құрама 2024 жылғы Еуропа чемпионатына жолдама алады.

Грекия-Қазақстан матчына нидерландиялық қазылар төрелік етеді.

Бас төреші — Данни Маккели. Оған отандастары Хессел Стеегстра мен Ян де Врис көмектеседі. Қосалқы төреші қызметін Аллард Линдхаут атқарады.

Футболсүйер қауым үшін Qazaqstan және Qazsport телеарналарында тікелей эфир көрсетіледі.

Айта кетсек, жеңген команда сырт алаңда Грузия-Люксембург жұбының жеңімпазымен кездеседі.