Құрманай Бақтиярқызы қайтыс болды
Танымал «Алматының түндері-ай» хитінің авторы, ақын Құрманай Бақтиярқызы өмірден озды, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі «Tengrinews.kz» сайтына сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға туралы бүгін белгілі болды. Ақынның парақшасында балалары қайғылы жаңалықты бөліскен жазба пайда болды.
«Анама деген махаббаттарыңызға рахмет», — делінген жазбада.
Посттың астында ақынның жанкүйерлері көңіл айтты.
«Жатқан жері жайлы болысын», «Қандай қайғылы жаңалық», «Қайғыра көңіл айтамыз», — деп жазды желі қолданушылары.
Құрманай Бақтиярқыз соңғы айларда денсаулығына байланысты күрделі жағдайда болған. Көптеген хиттердің авторы тек поэзиясымен ғана емес, сонымен қатар жүргізуші ретінде де танымал болды. Құрманай 200-ден астам ән жазған, олардың көпшілігін қазақстандық танымал әртістер орындайды.