Қуандық Бишімбаев 24 жылға сотталды

0 221

Азаматтық некедегі әйелі Салтанат Нүкенованы аса қатігездікпен өлтірді деген күдікке ілінген экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

Бүгін қоғамдық резонанс тудырған аталған істің нүктесі қойылды. Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Бишімбаев пен Байжановқа қатысты қылмыстық іс бойынша үкім жарияланды.

Еске салайық, Қуандық Бишімбаевқа қылмыстық кодекстің 99-бабы және 110-бабы бойынша айып тағылған. Ал Бақытжан Байжанов қылмыстық кодекстің 432-бабы бойынша айыпталып отыр.

Сот үкіміне сәйкес, Қуандық Бишімбаев 24 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал Бақытжан Байжанов 4 жылға сотталды.