Қор нарығында доллар арзандады

0 69

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы төмендеді, – деп хабарлайды “Aulieatanews” ақпараттық агенттігі.

Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар құны 2,72 теңгеге төмендеп, 1 доллар 447, 52 теңге болды.

Айта кетейік, Ұлттық банктің 6 наурызға белгілеген ресми бағамы – 1 доллар үшін 450, 53 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 449,3 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу – 451,3 теңге.

Ал Астана қаласында сату бағасы – 447,5 теңге болса, сатып алу – 452,5 теңге.

Ресей рублі Алматыда 4,87 — 4,92 теңге, Астанада 4,8 — 4,95 теңге аралығында саудаланып жатыр.