Қазақтың 5 шахматшысы әлемдік топ-20 рейтингін жаңартты

0 202

Шахматтан Қазақстан құрамасы мүшелері жасөспірімдер арасында үздік жиырмалыққа енді, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі. 

Халықаралық шахмат федерациясы (ФИДЕ) әлемнің үздік шахматшыларының рейтингін жаңартты, оған Бибісара Асаубаева, Меруерт Камалиденова, Ксения Балабаева, Алуа Нұрман, Лия Құрманғалиева енген.

1bol.kz-тің мәлім етуінше Ұлттық құрама көшбасшысы Бибісара Асаубаева әйелдер арасында әлемдік рейтингіде 16-орынға тұрақтады.

Еске салайық, Қазақстанның әйелдер құрамасы Будапеште өткен шахмат Олимпиадасында күміс жүлдеге қол жеткізді. Құрама намысын Бибісара Асаубаева, Меруерт Камалиденова, Ксения Балабаева, Алуа Нұрман және Әмина Қайырбекова қорғады.