Қазақстандықтар мамыр айында қанша күн демалады?

0 339

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мамыр айындағы мереке күндері бойынша демалыс күнін ауыстыру жобасын жариялады, деп жазады «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

Министрлік 2024 жылдың 4 мамыр, сенбідегі демалыс күнін 8 мамырға ауыстыруды ұсынды.

Осылайша 4 мамыр жұмыс күні болса, 7,8, 9 мамыр қатарынан үш күн демалыс болмақ.

7 мамырда — Қазақстан қарулы күштерінің күні тойланса, 9 мамыр — Жеңіс күні атап өтіледі.

Ел азаматтары ұсынысты 25 сәуірге дейін талқылап, Ашық НҚА порталында пікір білдіре алады.