Қазақстанда алғаш рет Ұлттық спорт күні аталып өтті

0 162

Бүгін елордадағы «Арғымақ» ат-спорттық сауықтыру кешенінде Наурыз мейрамы аясында Ұлттық спорт күніне арналған «НАУРЫЗНАМА: Ұлттық спорт күні» атты мерекелік іс-шара өтті, – деп хабарлайды “Aulieatanews” ақпараттық агенттігі.

Іс-шараға Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев, Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен, Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Исламбек Салжанов, ұлттық спорт ардагерлері, ұлттық спорт федерацияларының президенттері, спортшылар, дипломатиялық миссиялардың басшылары мен өкілдері, сондай-ақ елорда тұрғындары мен қонақтары қатысты.

Мерекелік іс-шара аясында көкпар, аударыспақ, теңге ілу, қыз қуудан көрсетілімдер және тоғызқұмалақ пен асық атудан шеберлік сыныптары өтті. Қонақтарға қазақы тазы және бүркіт көрсетіліп, құсбегілік өнер таныстырылды.