Қазақстан Президенті Әзербайжан Республикасына мемлекеттік сапармен барды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжанға ұшып барды, – деп хабарлайды “Aulieatanews” ақпараттық агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан Республикасына мемлекеттік сапармен барды», — делінген хабарламада.
Гейдар Әлиев атындағы халықаралық әуежайда Қазақстан Президентін Әзербайжан Премьер-министрінің бірінші орынбасары Ягуб Эюбов пен Сыртқы істер министрінің орынбасары Самир Шарифов қарсы алды.