Қазақстан халқы тамыз айында қанша күн демалады?

0 145

Тамыз айында ел тұрғындары Конституция күнін атап өтеді, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

30 тамыз – Конституция күні мемлекеттік мерекесі.

«Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңға сәйкес, елімізде ұлттық және мемлекеттік мерекелер атап өтілетін күндер Қазақстан Республикасының еңбек заңдарына сәйкес мереке күндері деп танылады. Сондай-ақ осы Заңда мемлекеттік мереке күні жұмыс істемейтін күн болып саналатындығы көрсетілген.

Биыл 30 тамыз жұма күніне тура келіп тұр.

Осыған орай, аптасына бес күн еңбек ететіндер үшін 30,31 тамыз және 1 қыркүйек демалыс болса, алты күндік жұмыс аптасымен еңбек ететіндер 30 тамыз демалып, 31-і жұмыс істеп, 1 қыркүйек қайта демалады.