Қарағанды ​​облысында тас жолда 19 көлік соқтығысты

0 530

Қарағанды ​​облысындағы тас жолда бірден 19 көлік соқтығысып қалды, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі «ҚазАвтоЖол»-ға сілтеме жасап.

23 қаңтарда сағат 10:30-дан бастап «Екатеринбург-Алматы»  автожолының қайта жаңғырту учаскесінде Балқаш-Қарағанды ​​бағыты бойынша көлік қозғалысы ашылды. Мұндай шешім ауа райының жақсаруына және көліктердің жиналуына байланысты қабылданған. Қозғалыс Қарағанды облысының әкімшілік полиция басқармасы және «ҚазАвтоЖол» АҚ қызметкерлерінің қолдауымен ұйымдастырылып отыр.

«Сағат 12:30-да осы учаскеде 1630 шақырымда 19 автокөліктің қатысуымен ірі жол апаты орын алды. Оқиға орнында Төтенше жағдайлар министрлігі мен жедел жәрдем қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Апаттың алдын ала себебі — жылдамдықты сақтамау», деп хабарлады «ҚазАвтоЖол».