Қаладағы су жүйелерінің жайымен танысты

0 191

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Тараз қаласындағы су жүйелерінің жайымен танысты. Көпірлердің су өткізу мүмкіндігі, канал-арықтардың, арналарының беріктігіне, жағалауларының тазалығына назар аударды, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от AULIEATANEWS (@aulieata.news)

24 километрді құрайтын «Түйте» және «Қарасу» каналдарының, қала бірқатар тиісті мекеме басшыларымен жаяу жүріп, көріп шыққан облыс әкімі көктемгі судың мол болу кезінде сақтық шараларын қатаң сақтау қажеттігін қала басшылығы мен тиісті құрылымдардың жетекшілеріне ескертті.

Көктемгі көріктендіру, көгеріштендіру және санитарлық тазалық айлығы кезінде өзен мен каналдардың, арықтардың маңайына да баса назар аудару қажеттігін еске салды.

Сенбілікке меншік түріне қарамастан қаладағы барлық мекеме, кәсіпорын ұжымдарын, кәсіпкерлерді біркісідей, ұйымшылдықпен қатысуға шақырды.