Қабылдауда көтерілген мәселелерді жіті зерделеуді тапсырды

0 25

Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев «Аmanat» партиясы өңірлік филиалының қоғамдық қабылдау алаңында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

 Қабылдауға келген тұрғындар ауылшаруашылығы, білім, денсаулық сақтау, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, кәсіпкерлік, спорт және экология салаларына қатысты түйткілдерді көтерді. Өзге де бағыттар бойынша сұрақтарын қойды.

 Ербол Қарашөкеев азаматтардың өтініш-тілектеріне заң талаптарына сәйкес жауап берді. Жауаптыларға барлық сауалды жіті зерделеуді, кезек күттірмейтін мәселелер бойынша оңтайлы шешім қабылдауды тапсырды.

 Айта кетейік, ағымдағы жылдың 10 айында облыс әкімі 32 қабылдау өткізіп, 500-ге жуық азаматты алаңдатқан мәселеге құлақ асты.