Президент су тасқыны болған өңірге барады

0 246

Қасым-Жомарт Тоқаев су басқан өңірлердің біріне барады. Бұл туралы Президентінің кеңесшісі әрі Баспасөз хатшысы Берік Уәли әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

 «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 4 сәуір күні су тасқынынан зардап шеккен өңірлердің біріне жұмыс сапарымен барады. Сапар туралы қосымша ақпарат кейінірек хабарланады», деп жазды Берік Уәли.