Париж Олимпиадасында боксшыларымыздың алғашқы қарсыластары белгілі болды

0 170

Париж Олимпиадасының жеребе тарту рәсімі өтті. Қазақстандық боксшылардың алғашқы қарсыластары белгілі болды, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі. 

Ерлер

51 келі. 17 боксшы 

1/8 финал

Сәкен Бибосынов — Самет Гумуш (2024 жылғы Еуропа чемпионы)

Ширек финалда Рио Олимпиадасының  чемпионы Хасанбай Дусматовпен (Өзбекстан) жолығуы мүмкін.

57 келі. 17 боксшы 

1/8 финал

Махмұд Сабырхан — Хосе Гуелес Бротонс (2023 жылғы Еуропа ойындарының күміс жүлдегері)

Ширек финалда әлем чемпионы Абдумалик Халоковпен (Өзбекстан) жұдырықтасуы мүмкін.

63,5 келі. 22 қатысушы 

1/16 финал

Мұхамедсабыр Базарбайұлы — Ойер Ибарче

1/8 финалда бұл жұптың жеңімпазы Тайпей өкілі Лай Чу Енмен кездеседі.

71 келі. 20 қатысушы

1/16 финал

Асланбек Шымбергенов — Зейад Ишаиш (2022 жылғы Азия чемпионатының күміс жүлдегері)

1/8 финалда бұл жұптың жеңімпазы әлем чемпионы Севон Оказавамен (Жапония) жолығады.

80 келі. 18 қатысушы

1/8 финал

Нұрбек Оралбай — Каллум Петерс

92 келі. 16 қатысушы

1/8 финал

Айбек Оралбай — Олейтен Олаор

Ширек финалда 2 дүркін Олимпиада чемпионы Хулио Ла Круз (Куба) немесе әлем чемпионы Альфонсо Домингезбен (Әзербайжан) жолығуы мүмкін.

+92 келі. 16 қатысушы 

1/8 финал

Қамшыбек Қоңқабаев — Аюб Джадфа (2023 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері)

Әйелдер

50 келі. 22 боксшы

1/16 финал

Назым Қызайбай — Джиордана Соррентино (2022 жылғы Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері)

1/8 финалда бұл жұптың жеңімпазы 2023 жылғы Пан Американ ойындарының чемпионы Каролин Де Алмейдамен жұдырық түйістіреді.

57 келі. 22 боксшы 

1/8 финал

Карина Ибрагимова — Лозада Мотта Ашлейан (Пуэрто-Рико)

75 келі. 16 боксшы

1/8 финал

Валентина Хальзова — Азейна Билон (2015 жылғы әлем чемпионы).