Облыс әкімі әлеуметтік желілерде жеке парақшаларын ашты

0 59

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев танымал әлеуметтік желілерде жеке парақшаларын ашты, – деп хабарлайды “Aulieatanews” Ақпараттық агенттігі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Халықпен тиімді кері байланыс орнату – ел басшылығының қойып отырған басты міндеттерінің бірі. Осы орайда, мен үшін облыс тұрғындарын толғандыратын өзекті мәселелерден хабардар болып отыру және соған орай жедел әрекет ете білу маңызды. Сіздермен ашық диалог орнату мақсатында әлеуметтік желілердегі жеке парақшаларымды ашқанды жөн көрдім.

Өздеріңізбен өңірдегі өзекті мәселелерді шешу жолында жан-жақты пікір алмаса отырып, сындарлы қоғамдық диалог орната алатынымызға сенімдімін», — деп жазды ол өзінің алғашқы жазбасында. «Біздің ортақ мақсатымыз – өмір сапасының жоғары стандарттарына қол жеткізу, Жамбыл өңірін өмір сүруге және жұмыс істеуге барынша қолайлы мекенге айналдыру»,- деді Б.Сапарбаев.

Жамбыл облысы басшысын фейсбукте Бердібек Сапарбаев бойынша, instagram-да saparbayev_bm бойынша табуға болады.