«Мойынқұм таңы» газетінде — жаңа редактор

0 48

Бас редакторлар кеңесі төрағасының шешімімен және Мойынқұм ауданы әкімінің келісімімен Досалы Есет Жаңабайұлы аудандық «Мойынқұм таңы» газетінің Бас редакторы болып тағайындалды. Ол республикалық қоғамдық-саяси «Салық тәртібі» газетінің меншікті тілшісі қызметін қоса атқаратын болады, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

Есет Досалы 1977 жылы Талас ауданы, Ойық ауылында туған. Тараз мемлекеттік педагогикалық институтын филология мамандығы бойынша 2007 жылы бітірген. Еңбек жолын 2004 жылы наурыз айында Талас ауданы, Бөлтірік Әлменұлы орта мектебінде әдебиет үйірмесінің жетекшісі болып бастаған. 2005 жылы тамыз айында облыстық «Ар-Ай» жастар газетіне тілші болып қабылданды. 2006-2015 жылдары аталған жастар газетінде Руханият бөлімінің меңгерушісі, тілші қызметтерінде болды. 2015 жылдың маусымынан — 2026 жылдың ақпанына дейін облыстық «Aq jol» газетінде тілші, мәдениет бөлімінің меңгерушісі, аға тілші қызметтерін атқарған.

2016 жылы облыс әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталған. 2019 жылы «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісінің иегері, 2024 жылы Мәдениет саласының үздігі атанды. 2012 жылдан Қазақстан Журналистер одағының мүшесі. «Шөбере», Шындық», «Өлең деп өмір сүремін» атты әңгімелер мен жыр жинақтарының авторы.