Меккеде қаза тапқандардың саны 557-ге жетті

0 70

Меккеге қажылық сапармен барған 557 адам көз жұмды. Сауд Арабиясындағы қазіргі ауа температурасы 50 градус ыстыққа жетті, деп жазады «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі. 

Қолайсыз ауа райы салдарынан қаза тапқандардың басым бөлігі егде жастағылар. Dw.com ақпарттық порталының мәліметінше, Меккеде зардап шеккендер саны бұл көрсеткіштен де көп болуы ықтимал.

Қажылыққа барып қаза тапқандардың ішінде 323 Мысыр азаматы болған.

Құрбандар арасында Тунистің 35 азаматы да бар. Ал Иордания мемлекетінің Сыртқы істер министрлігі 41 қажыны Меккеде жерлеуге рұқсат етілгенін хабарлады.

IRNA ақпарат агенттігі көз жұмғандардың арасында 11 Иран азаматы бар екенін, сондай-ақ тағы 24  азамат ауруханаға түскенін жазды.

Аптап ыстықтан 3 Сенегал, 144 Индонезия азаматы бақилық болды.