Маңғыстауда үшем дүниеге келді

0 45

Жылжабар тұста Маңғыстау облыстық «Ана мен бала» перинаталдық орталығында үшем жарық дүние есігін ашты.

Үшемнің анасы 35 жаста. Ол жұбайымен бірге төрт бала тәрбибелеп отыр. Мұнайлы ауданында тұратын ерлі-зайыптылар өңірдегі ауежай кешенінде жұмыс істейді.

Дәрігерлердің айтуынша, жаңа туған нәрестелердің үшеуі де қыз бала.​ Сәбилердің салмағы​ 1890,​1950 және 2700 грам. Нәрестелерге ата-анасы ​Асылым, Айзада, Айдана есімдерін қойған. ​

— Қазір жас босанған ананың жағдайы жақсы. Нәрестелер орталықта жан-жақты зерделеніп, толықтай ем алды және жағдайлары тұрақталғанша дәрігерлердің бақылауында болды, — дейді облыстық Денсаулық сақтау басқармасының мамандары.