Көрісу күні қалай тойланады?

0 61

Кей жерлерде бұл күнді «Амал» деп те атайды. Мерекеде қыстан аман шыққан  жұрт төс қағысып көріскен.  Жыл берекелі болсын деп, бір-біріне тілек білдірген.

Көпшілік қар еріп, жер жүзі жаңарып, жаңа келбетке ене бастағанда, туған-туысын, жақындарын іздеп, сағына көрісетін болған. Бір-біріне деген өкпе-реніші болса, кешіріп, жаңа жылды таза көңілмен қарсы алған.

Адамдардың бір-біріне деген құрметін, сүйіспеншілігін, ынтымағын арттыратын бұл мерекеде әрбір отбасы ұлттық тағам пісіріп, дастарқан жаяды. Жастар жағы үлкендерге арнайы барып сәлем беріп, мерекемен құттықтайды. Үлкендер тілегін айтып, ақ батасын берген. «Жыл басы – Наурыз мерекесі құт-береке әкелсін!», «Жаңа жасың құтты болсын!», «Еліміз тыныш болсын» деп ақ тілегін айтқан.

Бұл мереке кезінде ұмытылғанмен, кейінгі жылдары жаңғырып келеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жылда Қазақстан халқын құттықтап, «Бұл – нағыз береке-бірлік пен ырыс-ынтымақтың мейрамы» деген болатын.