Кей өңірде жауын-шашын болады
Синоптиктер 9 наурыз, жексенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
«Қазақстанда ауа райы әлі де солтүстік-батыс циклонын айқындайтындықтан, ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауады, елдің оңтүстігінде, шығысында қатты жауын-шашын болжанады», — делінген хабарламада.
Республика бойынша тұман, көктайғақ болып, жел күшейеді, солтүстігінде, шығысында, орталығында бұрқасын болады.
Жамбыл облысының таулы аудандарында оңтүстік-батыс 30 м/с жел күшейеді.
Астанада құбылмалы бұлтты, өткінші қар жауады, көктайғақ болады, тұман түседі, 9-14 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде -12…-14°C, күндіз -8…-10°C.
Алматыда құбылмалы бұлтты, өткінші жаңбыр жауады, қар жауады, тұман түседі, жолдар көктайғақ болады, 3-8 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде 0…-2°C, күндіз +6…+8°C.
Шымкентте құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 8-13 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +2…+4°C, күндіз +10…+12°C.
Ақтауда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 5-10 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +2…+4°C, күндіз +8…+10°C.
Ақтөбеде құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 6-11 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -7…-9, күндіз -1…-3°С.
Атырауда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, тұман, жел 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде -2…-4°C, күндіз +4…+6°C.
Жезқазғанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 10-12 м/с. Ауа температурасы түнде -2…-4°C, күндіз -2…-4°C.
Қарағандыда күн бұлтты, қар жауады, бұрқасын, көктайғақ, жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде -3…-5°C, күндіз -3…-5°C.
Көкшетауда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, тұман, жел 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде -16…-18°C, күндіз -8…-10°C.
Қонаевта құбылмалы бұлтты, өткінші жаңбыр, қар жауады, тұман түседі, жолдар көктайғақ болады, жел 9-14, екпіні 18-23 м/с. Ауа температурасы түнде 0…-2°C, күндіз +4…+6°C.
Қостанайда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, тұман, жел 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде -15…-17°C, күндіз -5…7°C.
Қызылордада құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, тұман, көктайғақ, жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 0…+2°C, күндіз +4…+6°C.
Павлодарда күн бұлтты, қар жауады, бұрқасын, жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде -11…-13°C, күндіз -6…-8°C.
Петропавлда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел түнде 5-10, күндіз 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде -24…-26°C, күндіз -10…-12°C.
Семейде күн бұлтты, жаңбыр, қар, бұрқасын, көктайғақ, жел 7-12, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде -1…-3°C, күндіз 0…+2°C.
Талдықорғанда құбылмалы бұлтты, жаңбыр, қар жауады, жел 5-10, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 0…+2°C, күндіз +4…+6°C.
Таразда құбылмалы бұлтты, жаңбыр, қар жауады, жел 9-14, екпіні 15-20, кей уақытта 23-28 м/с. Ауа температурасы түнде 0…+2°C, күндіз +12…+14°C.
Түркістан қаласында құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде +1…+3, күндіз +10…+12°C.
Оралда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, тұман, жел 9-14, күндіз екпіні 18 м/с. Ауа температурасы түнде -5…-7°C, күндіз 0…+2°C.
Өскеменде күн бұлтты, жаңбыр, қар, бұрқасын, көктайғақ, жел 7-12, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде -1…+1°C, күндіз +1…+3°C.