Геннадий Головкин Назым Қызайбайды қола жүлде алуымен құттықтады

0 94

Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин бокстан Қазақстан құрамасының өкілі Назым Қызайбайды 2024 жылы Парижде өтіп жатқан Олимпиада ойындарында қола жүлдегер атануымен құттықтады, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі. 

«Назымды Олимпиада ойындарының қола медалімен құттықтаймын! Назым ұзақ жылдар бойы еліміздегі әйелдер боксының жарқын өкілі әрі команданың көшбасшысы болып келеді. Өзінің алғашқы Олимпиадасына қатысқанына қарамастан, ол әлемдегі ең мықты спортшылардың қатарынан екенін тағы бір дәлелдеді. Сіздің бұл жетістігіңіз көптеген жас атлетке жігер сыйлап, еңбек пен төзімнің ақталатынына шынайы үлгі болсын деп тілеймін. Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің атынан Назым мен оның бапкері Долкунжан Камековты және барша қазақстандықтарды Олимпиада медалімен құттықтаймын!», деді Геннадий Головкин.