Ержан Жылқыбаев Жамбыл облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды
ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен Жамбыл облысы әкімінің орынбасары болып Ержан Жылқыбаев тағайындалды, – деп хабарлайды “Aulieatanews” Ақпараттық агенттігі.
Жылқыбаев Ержан Жұматұлы 1982 жылы туған. Білімі – жоғары. 2003 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін экономист-менеджер мамандығы бойынша бітірген.
2006 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі мамандығы бойынша, 2011 жылы С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін құқықтану мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2003 жылы Оңтүстік Қазақстан облыстық Экономика департаментінің бас маманы болып бастаған.
Әр жылдары ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі мемлекеттік активтер басқармасының саясат департаментінің бөлім бастығы, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппарат басшысының орынбасары, ШҚО Семей қаласы әкімінің орынбасары, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппарат басшысы, ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы (Жамбыл облысына жетекшілік етті), Алматы қаласы Медеу ауданының әкімі лауызымдарында болған.
2019 жылғы наурыз айынан бастап Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі қызметін атқарып келді.