Елордалық өрт сөндірушілер 10 адамды аман алып қалды

0 264

Бүгін Астана қаласындағы Бөгенбай батыр, 3 А мекенжайындағы көп қабатты үйден өрт шықты, деп жазады «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі. 

Өрт тұрғын үй кешенінің 2-12 қабат аралығында кабель шахтасынан шыққан. Қызыл жалынның жалпы аумағы  36 ш.м. құрады.

Құтқарушылар 10 адамды қауіпсіз жерге алып шықты, оның ішінде, 4 бала бар.

Ал 25 адам өздігінен далаға шығып үлгерген.

Өрт сөндірушілер қызыл жалынды толық ауыздықтады.