Елімізде телеарналар мен радио уақытша жұмыс істемейді

0 1 269

15 мамыр күні Қазақстанда телеарналар мен радиолар уақытша өшіріледі. «Қазтелерадио» АҚ осындай ескерту жасады, деп жазады «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

«Қазтелерадио» АҚ телерадио хабарларын таратудың үздіксіз әрі сапалы болуын қамтамасыз ету мақсатында тоқсан сайын жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистерді жаба отырып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізеді.

«Осыған байланысты, биыл 15 мамырда сағат 03:00 мен 17:00 аралығында (Астана уақытымен) телерадио хабарларын таратуды өшіре отырып, профилактикалық жұмыстар жүргізілетінін хабарлаймыз. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз», делінген «Қазтелерадио» АҚ хабарламасында.