Екі облыстағы республикалық маңызы бар жолдарда қозғалысқа шектеу қойылды

0 158

«ҚазАвтоЖол» компаниясы күн райының бұзылуына байланысты Жамбыл және Ақтөбе облыстарындағы республикалық маңызы бар автожолдарда көлік қозғалысына шектеу енгізілгенін хабарлады, деп жазады «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі. 

Жамбыл облысындағы «Алматы-Ташкент-Термез» автожолының 535-593 шақырымы аралығында (Айша бибі ауылынан Түркістан облысының шекарасына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды. Хабарламада шектеу 6 қараша сағат 16:00-ден 7 қараша 4:00-ге дейін енгізілгені айтылған.

Ал Ақтөбе облысындағы «Ақтөбе-Атырау-РФ шекарасы (Астраханға)» автожолының 12-250 шақырымы аралығында (Ақтөбе қаласынан Қарауылкелді ауылына дейін) жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылды. Облыстағы бұл күрежолдар учаскесі қашан ашылатыны белгісіз.