Доллар бағамы тағы көтерілді

0 17

Сауда-саттық мәліметтеріне қарағанда, доллар бағамы 21 сәуірмен салыстырғанда 0,22 теңгеге өскен, – деп хабарлайды “Aulieatanews” ақпараттық агенттігі.

АҚШ долларының орташа бағамы 432,26 теңге болды. Ұлттық банктің 22 сәуірдегі ресми бағамы: 1 доллар — 432,01 теңге.

Бүгінде Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 433,36 теңгеден сатылса, сатып алу — 431,82 теңге. Ал Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау орындарында доллар 432,76 теңгеге сатылып жатыр, сатып алу құны – 431,66 теңге.