ДІНИ САУАТ-ТҰРАҚТЫЛЫҚ НЕГІЗІ
Бүгінде дін жолын ұстанамын деп теріс ағымның жетегіне еріп жатқан жастарымыз аз емес. Айналып келгенде, бұл жастардың діни сауатының таяздығынан туындап отыр. Мұндай жағдай елдің дамуы мен әлеуметтік тұрғыда жақсаруына кері әсерін тигізеді. Алдын-алу жұмыстарын арнайы сала мамандарының кеңесіне сүйеніп, көпшілікпен байланыс орнату арқылы шешудің маңызы зор.
Жуырда осы мақсатта облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері, облыс әкімдігі «Дін проблемаларын зерттеу орталығының» инспекторлары А.Құлымбетов, Б.Бекмолдаев жұмыс сапарымен ауданға келді. Мемлекеттік қызметішлермен, білім, спорт, мәдениет және әлеуметтік сала қызметкерлерімен қатар, жергілікті тұрғындармен кездесіп, әртүрлі санаттағы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Бұдан бөлек, облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері Көктал ауылдық округінде болып, округ әкімі аппараты қызметкерлері және ауыл тұрғындарымен жиын өткізді. Кездесу барысында діни экстремизм мен терроризмнің қоғамға тигізер зардабы мен зайырлылық қағидалары туралы ақпараттар беріліп, көпшілік тарапынан қойылған сауалдарға жауаптар қайтарылды.