Денсаулыққа ең пайдалы өнім аталды

0 43

Әлемдегі ең пайдалы тағам түрі — жұмыртқа. Бұл туралы америкалық академиялық медициналық орталықтың диетологтары айтты, — деп жазады Cursorinfo.

Сарапшылардың айтуынша, бір жұмыртқада 372 миллиграмм холестерин болса да ол ақуыз, холин, темір, цинк және тағы басқа маңызды микроэлементтерден тұрады.

«Жұмыртқа мидың қызметін жақсартып, тәбетті ашады, сондай-ақ, ағзада B12 дәруменінің жеткілікті болуына ықпал етеді. Оған қоса, жұмыртқа көру қабілетін жақсартып, сүйектің нығаюына көмектеседі», — делінген ғалымдардың зерттеуінде.