Қазақстанда апта басында доллар қымбаттады

0 20

Қазақстанда апта басында доллар бағамы көтерілді, — деп хабарлайды “Aulieatanews” Ақпараттық агенттігі  Tengrinews.kz  сілтеме жасап.

7 қыркүйектегі таңғы сауда қорытындысы бойынша, доллар биржада 422,74 теңгеден сатылды. Ал 4 қыркүйек, жұмада доллар 420,76 теңгемен сауданы жапты. Осылайша, шетел валютасының бағамы 1,98 теңгеге өсті.

Kurs.kz деректері бойынша, Алматының ақша айырбас орындарында доллар 423 — 425 теңгеден сатылып жатыр, 418 — 423,2 теңгеге сатып алынады.

Нұр-Сұлтан айырбастау пункттерінде долларды сатып алу бағамы 422,8 — 424 теңге аралығында, сату бағамы 418 теңгеден 422 теңгеге дейін.