Чемпионмен кездесті
Шоқан Уалиханов атындағы орта мектебінде мектеп әкімшілігінің ұйымдастыруымен мектеп мақтанышы, 2008 жылғы мектеп бітіруші түлек паратаеквондодан әлем чемпионатының екі дүркін жеңімпазы және күміс жүлдегері, Еуропа чемпионатының үш дүркін күміс жүлдегері, #TOKYO2020 паралимпиада ойындарында 75 келі салмақ дәрежесінде қатысушысы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Өмірәлі Елубайұлы Нышанмен кездесу өткізілді.
Кездесуге Талас аудандық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Құрал Нүрпейісов, Талас аудандық ата – аналар қоғамдық кеңесінің төрағасы Лес Нұрұлы, Талас аудандық білім бөлімінің басшысы Мақсат Қазанғапов қатысты.
Мектеп мақтаныштарын дәріптеу дәстүрге айналған кездесуде Нышан Елубайұлы спорттағы жеткен жетістіктерге халықтың қолдауының нәтижесінде жеткенін атап өтті. Спортшы спорттың адамды шапшаңдыққа, қырағылыққа, төзімділікке шыңдайтын ұлы жол екенін айтып, осы орайда оқушыларды спортпен шұғылдануға шақырды.
Кездесу барысында мектеп ұстаздары мен оқушылары дайындаған әннен шашу шашылып, оқушылар ойларында жүрген сұрақтарымен бөлісті. Ал 10 сынып оқушысы Дамира Төлеген чемпион ағасына арнау жырын оқыды.
Кездесуді қорытындылаған мектеп директоры Елеукен Жанұзақов Нышан Елубайұлына мектеп ұжымы атынан шапан жауып, естелік сыйлық табыс етті.
Қ.Қынаша,
Ш.Уалиханов атындағы орта мектебінің құқықтық
тәрбие ісі жөніндегі директор орынбасары.
Талас ауданы.