Бұрқасын, жел, жауын-шашын: 14 наурызға арналған ауа райы болжамы

0 63

«Қазгидромет» синоптиктері 14 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды “Aulieatanews” ақпараттық агенттігі.

Ресми ақпаратқа қарағанда, республиканың басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады. 

«Солтүстікте, шығыста, орталықта қар жауады, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады. Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарының таулы аудандарында, оңтүстікте таулы аудандарда қатты жауын-шашын күтіледі», —  деп жазды синоптиктер.

Тек елдің батысында антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы болады. Ел бойынша тұман, желдің күшеюі, солтүстікте, шығыста, орталықта жаяу бұрқасын, оңтүстікте, орталықта көктайғақ күтіледі.

Күндіз Маңғыстау облысының оңтүстігінде, батысында, шығысында шаңды дауыл болады.