Бүгін Жер бетінде күшті магнитті дауыл басталады

0 143

Ғарыштық зерттеу институты Күн астрономиясы зертханасының ғалымдары 29-нан 30 шілдеге қараған түні Жерде күшті магнитті дауыл басталатынын болжады, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

Табиғи құбылыс түн ауа басталып, G2 деңгейіне жеткен соң төмендейтіні айтылды.

Ғалымдар бұл ақпаратты растады.

Бұған дейін 24 шілдеде күшті геодауыл басталып, магниттік дауылдың күші G1-G2 (ең жоғары — G5) деңгейінде болады деп жорамалдаған еді.

Ғалымдардың айтуынша, шілденің қалған күндері тамыз айына дейін магнитосфера қалыпты жағдайда болады.