Бүгін ауа райы қандай болады

0 230

Синоптиктер 28 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі. 

Ұлытау облысының басым бөлігінде тұман түседі.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, сондай-ақ Ақмола облысының солтүстігі мен шығысында тұман түседі.

Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман түседі.

Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында көктайғақ болады.

Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі.

Мамандардың болжамына сәйкес, Маңғыстау облысының батысында нөсер жаңбыр жауады, түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман түсіп, көктайғақ болады.

Абай облысының оңтүстік-шығысынан жел соғады, облыстың оңтүстігінде екпіні секундына 15-18 метрге жетеді.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман түседі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында екпіні секундына 15-18 метрге жетеді.

Қостанай облысының солтүстігінде, батысында тұман түседі.

Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман болады.

Солтүстік Қазақстан облысының батысы мен оңтүстігінде де тұман түседі.