Бір айда жеті қалада пәтердің бағасы қымбаттады
Шілде айында жеті қалада жаңа салынған үйлердегі пәтердің бағасы қымбаттады, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.
Ұлттық статистика бюросының мәліметіне қарағанда, бір жылда баға шамамен 15 пайызға өскен. Шілдеде жаңа үйдің бағасы маусым айымен салыстырғанда 0,7%-ға өсті.
Петропавлда – 2,5%-ға, Оралда – 2,2%-ға қымбаттады. Алматыда бір айда жаңа үйлердегі пәтерлердің бағасы 1,9%-ға өскен.
Сондай-ақ Қостанайда – 1,5%-ға, Таразда – 1,5%-ға, Шымкентте – 1%-ға, Түркістанда – 0,9%-ға қымбаттаған. Басқа өңірлерде жаңа пәтерлердің бағасы бір айда өзгерген жоқ. Шілде айында баға арзандамады. Қазір еліміз бойынша жаңа тұрғын үйдің бір шаршы метрінің орташа бағасы 621 900 теңге болып отыр.
Ең қымбат жаңа үйлер Астана мен Алматыда орналасқан. Мұнда бір шаршы метрдің бағасы шамамен 740 мың теңге.
Бағасы ең қымбат 5 қала:
Алматы – 739 762 теңге/ш. м.
Астана – 739 033 теңге/ш. м.
Атырау – 546 419 теңге/ш. м.
Шымкент – 540 488 теңге/ш. м.
Өскемен – 521 168 теңге/ш. м.
Бағасы ең арзан 5 қала:
Ақтөбе – 356 454 теңге/ш. м.
Көкшетау – 370 124 теңге/ш. м.
Қызылорда – 392 323 теңге/ш. м.
Қарағанды – 394 516 теңге/ш. м.
Түркістан – 398 381 теңге/ш. м.
Бір жылда, яғни 2025 жылғы шілдемен салыстырғанда, Қазақстан бойынша жаңа үйлердегі пәтерлердің бағасы орта есеппен 14,6%-ға қымбаттады.
Баға ең көп өскен қалалар:
Астанада – 19,1%;
Алматыда – 16,6%;
Ақтөбеде – 15,1%;
Түркістанда – 12,8%;
Оралда – 11,7%.
Шымкентте бағаның өсімі – 7,5%, Ақтауда – 9,6%, Атырауда – 6,7% болды.
2020 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда еліміз бойынша жаңа үйлердегі бір шаршы метрдің бағасы орта есеппен 76%-ға қымбаттаған.
Баға ең көп өскен қалалар:
Ақтөбеде – 97,5%;
Астанада – 93,2%;
Павлодарда – 86,8%;
Алматыда – 78,2%;
Ақтауда – 75,2%.
Осы кезеңде Қарағанды (37,6%) мен Таразда (33,4%) жаңа үйлердің бағасы ең аз өскен.