Батырхан Төмешбай Талас ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды
Жамбыл облысының өңірлік кадр резервіне қабылданған Төмешбай Батырхан Өмірханұлы Талас ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы лауазымына конкурс өткізілместен тағайындалды, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.
Төмешбай Батырхан Өмірханұлы 1992 жылы туылған, білімі жоғары, “Бизнес және басқару” магистрі, 2018 жылы Шымкент қаласындағы Қазақстан инженерлік-педагогикалық халықтар достығы университетін “Есеп және аудит” мамандығы бойынша бакалавриатты, 2022 жылы Астана қаласындағы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын “Мемлекеттік саясат” мамандығы бойынша магистратураны бітірген.
Мемлекеттік қызметтегі жалпы еңбек өтілі 9 жылдан астам.
Лауазымға тағайындалғанға дейін Жамбыл облысы Талас ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі лауазымын атқарған.