БАСЫМ БАҒЫТТАР АЙҚЫНДАЛДЫ

0 53

Мемлекет басшысы Қасым — Жомарт Тоқаев өзінің «Жаңа жағдайдағы Қазақстан : іс — қимыл кезеңі» атты Жолдауында дүниежүзін дүр сілкіндірген пандемияға қарсы күресте, азаматтардың өмірі және денсаулығын қорғау жолында, тосыннан келген кеселге қарсы тұруда белсенділік танытқан дәрігерлерге, құқық қорғау органы қызметкерлеріне, әскери қызметшілерге, еріктілерге, кәсіпкерлерге ризашылығын білдірді.

Жаңа жағдайдағы экономикалық даму ісінде, экономика халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталуы керектігін айта келе, жаңа экономикалық бағдар басты жеті қағидатқа негізделуін тапсырды. Атап айтқанда, игіліктер мен міндеттердің әділ бөлінісі; Жеке кәсіпкерліктің жетекші рөлі; Әділ бәсекелестік, кәсіпкерлердің жаңа буыны үшін нарық ашу; Өнімділікті көбейту, экономиканың ауқымдылығын және технологиялық сипатын арттыру; Адами капиталды дамыту, жаңа үлгідегі білім саласына инвестиция тарту; «Жасыл» экономиканы дамыту, қоршаған ортаны қорғау; мемлекет тарапынан дәйекті шешімдер қабылдау және сол үшін қоғам алдында жауаптылықты арттырудағы маңызды міндет — өнеркәсіпке қолдау көрсетудің шараларын жетілдіруді керектігін де баса айтып отыр.

«Отбасы — қоғамның  алтын  ұясы» . Отбасылық — демографиялық ахуал — зор алаңдаушылық тудырып отыр. Қазақстанда әрбір алтыншы отбасының бала сүйе алмай отырғанын тілге тиек ете келе, Үкіметке 2021 жылдан бастап  «Аңсаған сәби» арнаулы бағдарламасын жүзеге асыруды тапсыруы, Экстра-кор поральды ұрықтандыру бағдарламасы бойынша бөлінетін квота санын 7 мыңға дейін, яғни 7 есе көбейту туралы ой қозғауы да өмір талабынан туындаған мәселелер екені белгілі.

Білім саласындағы басты мәселенің бірі — ұстаздар жалақысының аздығы.

2021 жылдың қаңтар айынан бастап, мұғалімдердің еңбекақысын 25 пайызға көбейту жөнінде шешім қабылдағаны; жалақы мөлшерінің артуы үшін алдағы үш жылда қосымша 1,2 триллион теңге бөлінетіні – ұстаздар қауымына деген құрметтің белгісі.

Әділетті мемлекет азаматтардың мүддесін қорғау жолында, азаматтардың мәселелерін тыңдап, көріп қана қоюдың жеткіліксіздігі әрине, дұрыс емес. Сондай-ақ, көрсеткіш қуалау — азаматтардың құқығы мен бостандығына нұқсан келтірмейтіні де Жолдауда нақты айтып, бірқатар тапсырмалар берді. Қылмыстық істер бойынша 2021 жылдан бастап, прокурорға адам құқығы мен бостандығына қатысты негізгі процессуалдық шешімдерді келісу міндетін заң арқылы жүктеуді міндеттеді.

Учаскелік инспектордың мәртебесін — заңнама арқылы арттырып, оның өнімді жұмыс істеуіне мүмкіндік беру қажеттілігін жеткізді.

Цифрландыру — барлық реформаның негізгі элементі .  Жылдың соңына дейін 250-ден астам тұрғыны бар ауылдарға   интернет жүргізілетінде сөз болды.

Азаматтардың мемлекетті басқару ісінде, Nur Otan партиясы — қоғамдағы жетекші саяси күш екендігін айтып өтті. Демократияның басты жауы — білімсіздік пен популизм екендігі; реформадағы өзгерістердің табысты жүзеге асуы — бірлікке, азаматтық жауапкершілікке байланысты деуі нақты болды.

Ұлттың жаңа болмысын қалыптастыру барысында, тұтас ұлт сапасын арттыру көзделген. Жаңарған ұлт қана — жаңғырған елдің жетістігін жаһан жұртына таныта алады. Білім — барлық игіліктің бастауы!

 Сәуле Түменбаева, 

Талас ауданы.