Балуандарымыз үш жүлде жеңіп алды

0 234

Будапешт (Венгрия) қаласында өтіп жатқан еркін күрестен рейтингілік турнирде Қазақстан спортшылары үш жүлде алды, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

Балуандарымыз 1 алтын, 1 күміс, 1 қола медаль жеңіп алды:

Чемпион атанған: Әлішер Ерғали (97 келі).

Күміс жүлдегер: Юсуп Батырмырзаев (125 келі).

Қола медаль: Ризабек Айтмұқан (97 келі).

Бүгін еркін күрестен бозкілемге Азамат Дәулетбеков (86 келі) шығады.