«Қазселденқорғау» мекемесі Алматыдағы лай көшкінінің себебін түсіндірді
ҚР ТЖМ «Қазселденқорғау» ММ мамандары Алматыдағы лай көшкінінің себебін түсіндірді , – деп хабарлайды “Aulieatanews” ақпараттық агенттігі “Tengrinews.kz” сайтына сілтеме жасап.
Мамандардың айтуынша, лай көшкінінің болжамды көлемі шамамен 3200 текше метр.
«2024 жылы 8 ақпанда түнгі 02:20-да тау баурайының ортаңғы бөлігінде төселген су құбырының үзілуі салдарынан топырақтың батпақтанып, одан кейін Алматы қаласы Медеу ауданы Тау-Самал шағынауданы Олимпия көшесіндегі № 3а және №3 тұрғын үй жеке үйлерін басып қалды», — делінген хабарламада.
Таудың баурайы сары топырақты саздақтардан тұрады, бұл учаскедегі көлбеу тіктігі шамамен 45-50 градус.
«Жылжыма Олимпийская көшесіндегі № 3а шаруашылық құрылыстары бар тұрғын үйді қиратып, жақын жерде орналасқан №3 тұрғын үй ішінара зақымданды», — деп толықтырды «Қазселденқорғау» ММ.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін түнде Алматыдағы лай көшкінінен 4 адамнан тұратын отбасы зардап шекті.