Қазақстанда антисептиктер қымбаттады

0 45

Қазақстанда антисептиктер 17 пайызға дейін қымбаттады, — деп хабарлайды Energyprom.kz.

Сарапшылардың мәліметінше, қаңтар-сәуір айларында Қазақстанның фармацевтикалық компаниялары құны 41,9 миллиард теңге болатын дәрі-дәрмек өндірді. Бұл былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 33,9 пайызға көп екен.

Сондай-ақ, өткен жылмен салыстырғанда дәрі-дәрмектердің бағасы 6,9 пайызға жоғарылағаны белгілі болды. Әсіресе, Павлодар (9,4 пайызға), Ақмола облыстарында (9,3 пайызға) және Шымкентте (9,2 пайызға) дәрі-дәрмек қымбаттаған.

Айтарлықтай қымбаттаған дәрі-дәрмектердің ішіне антисептиктер (16,9 пайызға), дене қызуын түсіретін препараттар (8,5 пайызға), мен антибиотиктер (7,3 пайызға) бар.