Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады?

0 48

Синоптиктер Қазақстанда 30 қаңтар — 1 ақпанда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады.

Болжам бойынша, Қазақстанда синоптикалық жағдай тұрақсыз ауа райын туғызады: солтүстік облыстарда қар түрінде, оңтүстік өңірлерде бұрқасын және жаңбыр түрінде жауын-шашын күтіледі, жел күшейеді, оңтүстіктің таулы аймақтарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, тұман күтіледі.

«Температура фонында айтарлықтай өзгерістер күтілмейді», — делінген хабарламада.