Қазақстан «сары» аймаққа кірді

0 44

Қазақстан коронавирус таралу көрсеткіші бойынша «сары» аймаққа кірді. Бұған Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасының деректері дәлел, – деп хабарлайды “Aulieatanews” Ақпараттық агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

25 желтоқсандағы жағдай бойынша,  Атырау облысы «қызыл» аймақта орналасқан. «Сары» аймақта — Алматы, Нұр-Сұлтан, Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстары бар. Басқа өңірлер «жасыл» аймақта. Айта кетейік, бүгінге дейін Қазақстан «жасыл» аймақта болған еді.