Әуе рейстерінің бағасы шарықтап тұр

0 124

Су тасқыны кесірінен үйлерінен айырылып қалған азаматтар енді әуе компанияларына шағымданып жүр. Мәселе — билет құны. Су тасқыны жағдайы күрделі болып тұрған облыстарда әуе билеттерінің бағасы шарықтап тұр. Бұл туралы әлеуметтік желі қолданушылары өздерінің парақшасында жазды, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.  

Мәселен, Атыраудан Ақтауға ұшақпен жеткісі келген жолаушылар бір билет үшін 170 780 теңге төлеуге мәжбүр.

Атырау-Астана бағыты бойынша ұшатын рейстерге де билет құны жаға ұстатып отыр.

Қарғын су басқан облыстардан туыстарын алып кетпекші болған адамдар жаппай шағымданып жатыр.

«Бізге жаудың керегі жоқ, өзімізді өзіміз құртамыз. Ақтөбе облысынан туыстарымызды алып кетерде осындай қиындықтарға тап болдық…

Жау жағадан алғанда, бөрі етектен алады. Атырауым аман болсын. Қажеттілік туындаса, Маңғыстау халқы 1000 шақырымнан да тегін өзі тасып алады. Күнімізді «Air Astana» мен «Sсat»-қа түсірмесін…», деп жазды желі қолданушылары.