Астананың сол жағалауындағы алапат өрттің себебі анықталды

0 261

Төтенше жағдайлар министрлігі Астанадағы көпқабатты үйдегі өрттің алдын ала себебін айтты, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі. 

Белгілі болғандай, өрт толығымен 250 шаршы метр алаңда жойылды.

Өрттің алдын ала себебі: отпен жұмыс істеу немесе оттың аз калориялы көздері. 2-ші қабаттан 27-ші қабатқа дейін тұрғын үй кешенінің сыртқы қаптамасы мен жылытқышы жануы орын алды, — делінген ведомство таратқан хабарламада.

Сондай-ақ өрт кезінде өрт сөндірушілердің күшімен 12 адам эвакуацияланды, оның ішінде 7 бала. 2 адам құтқарылды, оның ішінде 1 бала бар.

Оқиға орнында анықтаушылар жұмыс істеуде. Жоюға 20 бірлік техника мен ҚР ТЖМ 91 құтқарушысы жұмылдырылды.

Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.