Астанада 3-4 шілде күндері балабақшалар жұмыс істемейді

0 86

Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті кезінде елордада балабақшалар жұмыс істемейді, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

Қазақстанның Оқу-ағарту және Ішкі істер министрліктерінің хатына байланысты елордада 3-4 шілде күндері мектепке дейінгі ұйымдар жұмыс істемейді, — деп жауап берді Астана қаласы Білім басқармасының баспасөз қызметі.

Іс-шараға Қазақстан, Үндістан, Иран, Қытай, Қырғызстан, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Беларусь, Моңғолия, Әзірбайжан, Катар, БАӘ, Түркия және Түркіменстан мемлекеттері мен үкіметтері, сондай-ақ ШЫҰ елдерінің басшылары қатысады.