Астана әуежайы көлікті жалға беру қызметін енгізді

0 255

Елорда әуежайында халықаралық компанияның көлікті жалға беру қызметі пайда болды, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

Сонымен қатар Астана әуежайы жолаушыларға өз көлігін терминалда қалдырып, бірден тіркеуге немесе отырғызуға кірісуге мүмкіндік беретін жаңа қызмет – Valet сервисін іске қосуды жоспарлап отыр.

«Бүгінгі күні  тиісті микроклимат пен санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау үшін елордалық әуежай аумағында брусчаткалар мен жол жиектерін ауыстыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Климаттық бақылау жабдықтары мен терминалдық желдету жүйелеріне жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізеді», деп хабарлады әуежайдың баспасөз қызметі.

Сондай-ақ намаз оқуға арналған бөлмелер қайта жөндеуден өтті, олар ішкі ұшу терминалында орналасқан. Одан бөлек Астана халықаралық әуежайының екінші қабатындағы стерильді Т2 алаңында жолаушыларға ұшар алдында намаз оқуға мүмкіндік беретін қосымша намазхана бар.