АНА ТІЛІМ — БАЙЛЫҒЫМЫЗ

0 43

Мемлекеттік тіл -мемлекеттің бүкіл аумағында, қоғамдық қатынастардың барлық салаларында қолданылатын тіл болғандықтан, жүргізілетін барлық іс-қағаздары мен құжаттар мемлекеттік тілде болуы тиіс.

Өйткені, өркениетке құлаш ұратын елдің өрісі қашанда білікті де, саналы ұрпақпен кеңеймек. Әлемдегі дамыған елдердің санатына енуді көздеген халықтың басты мақсаты да сауатты ұрпақ тәрбиелеу. Ол дегеніміз,- өз ана тілінде еркін сөйлей алатын, туған тілін еркін меңгерген ұрпақ. Ал, ана тілін жақсы білмейінше, сауатты сөйлеп, сауатты жазып, тіл байлығын мол қолданбайынша, шын мәніндегі мәдениетті адам бола алмайсың.

Тіл тағдыры- ел тағдыры екенін еш уақытта ұмытпайық. Әрбір адам өз ана тілін білуі және мемлекеттік тілін меңгеруі міндетті. Тіл-ұлттың жаны. Ал ұлттың болашағы- оның ана тілі. Тіл-халықпен бірге өмір сүріп дамиды, әр ұлттың тілі оның бақыты мен тірегі.

                Гульмира Жакипбаева,

  Талас ауданаралық сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімінің іс жүргізушісі.