Алтай Әлі Жамбыл облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды
Алтай Сембекұлы Әлі Жамбыл облысы әкімінің орынбасары (құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жөніндегі) лауазымына тағайындалды. Ол бұған дейін Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің төрағасы қызметінен босатылды, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.
«Қазақстан Республикасы көлік министрінің бұйрығымен Алтай Сембекұлы Әлі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің төрағасы қызметінен босатылды», делінген хабарламада.
Алтай Әлі 1985 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін бітірген.
Еңбек жолын 2005 жылы «Рахат Палас Отель» қонақ үйінде байланыс орталығының қызметкері болып бастаған. Әр жылдары «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ субсидиялау департаментінің менеджері, Астана қалалық сотының бас маманы, ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің құрылымында жұмыс істеген.