Алматы тауларында қар көшкіні жүрді

0 304

Алматы тауларында қар көшкіні жүрді. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады, деп жазады «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

«Алматы қаласының Үлкен Алматы өзенінің бассейнінде қар көшкіні жүрді. Түскен массаның көлемі 900 текше метрді құрады. Зардап шеккендер мен ғимараттардың қирауы тіркелген жоқ», делінген ТЖМ хабарламасында.